Қазақстан мен Түркия президенттері келіссөз жүргізді
Қазақстан мен Түркия президенттері келіссөз жүргізді https://t.co/ejxrykc1nl pic.twitter.com/3MC4TkgLyH
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 12, 2022
Жаңалықтар
Ақорда
Қазақстан мен Түркия президенттері келіссөз жүргізді
2022 жылғы 12 қазан
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді.
«Ақорда» резиденциясында Түркия басшысын салтанатты қарсы алу шарасы өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бір-біріне делегациялар құрамын таныстырды. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Түркияның әнұрандары орындалды. Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары екіжақты кездесу өткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін ризашылығын жеткізді.
– Сіздің бүгінгі мемлекеттік сапарыңыз екі елдің ынтымақтастығына үлкен серпін береді деп ойлаймын. Біз Түркиямен тең дәрежедегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мен береміз. Бұл менің ерекше назарымда. Кездесуіміздің күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасып, уағдаластыққа қол жеткіземіз деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевқа мамыр айында Түркияға мемлекеттік сапары мен Нью-Йорктегі екіжақты кездесуден кейін қайтадан жүздесіп отырғанына қуанышты екенін атап өтіп, қонақжайлығы үшін алғыс айтты.
– Бүгін Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-отырысын өткіземіз. Сондай-ақ ертең Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысамыз. Сіздің көшбасшылығыңызбен жүргізілген реформалар қазақ халқының тыныштығын сақтап, әл-ауқатын жақсартатынына сенімім мол. 20 қараша күні болатын Президент сайлауы әділ әрі жаңа Қазақстан үшін қайырлы болуын және сізге сол сайлауда сәттілік тілеймін, – деді Режеп Тайип Ердоған.
Сондай-ақ Түркия Президенті жаһандық және аймақтық тұрақсыздық белең алған шақта түркі мемлекеттерінің ынтымағын одан әрі нығайту қажет екенін, сондықтан стратегиялық серіктес әрі бауырлас ел Қазақстанның қауіпсіздігіне, тұрақтылығына, территориялық тұтастығына және экономикалық әл-ауқатының жақсаруына айрықша мән беретінін жеткізді.
– Түркияға мемлекеттік сапарыңыз барысында қол қойылған 14 ынтымақтастық туралы құжат пен ортақ декларация қарым-қатынасымызға тың серпін берді. Бүгін осы келісімдерге қосымша жаңа құжаттар қосылады. Атажұртыма келген маған және менің делегацияма қонақжайлық көрсеткеніңіз үшін тағы да алғыс айтамын, – деді Режеп Тайип Ердоған
Кері қайту Кері қайту
kaynak:https://akorda.kz/kz/kazakstan-men-turkiya-prezidentteri-kelissoz-zhurgizdi-129415
Қазақстан мен Түркия президенттері келіссөз жүргізді https://t.co/ejxrykc1nl pic.twitter.com/3MC4TkgLyH
— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 12, 2022