Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
REKLAM ALANI
30.03.2023
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
2023 жылғы 30 наурыз
Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатқанын айтты. Сондай-ақ Үкіметтің атқарған жұмысына қысқаша тоқталып, шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өскенін, халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелер уақтылы және толығымен орындалғанын жеткізді.

 

 

 

 

Президенттің айтуынша, мұның бәріне билік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында қол жеткізілді. Осы ынтымақтастықты нығайтып, Үкімет пен Парламент экономиканы дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тиіс.

 

Мемлекет басшысы кеше Парламент сессиясының ашылуында нақты міндеттерге тоқталғанын атап өтіп, стратегиялық бағдарымызды жүзеге асыру үшін Үкімет баса мән беруге тиіс мәселелерге назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Үкіметке тұрақты экономикалық өсімнің жылына кем дегенде 4 пайыз болуын қамтамасыз ету міндетін жүктеді.

– Экономиканың даму үлгісін түбегейлі өзгертуіміз керек. Ол үшін әртараптандыру жұмысын жүйелі жүргізіп, нарық қағидаларын нығайту маңызды. Түпкі мақсатымыз – жоғары технологияға негізделген, өзін-өзі толық қамтамасыз ететін және бәсекеге қабілетті экономика құру. Еліміздің негізгі өңірлік инвестициялық хаб ретіндегі рөлін күшейту қажет. Былтыр монополиядан арылту және шынайы бәсекелестік орта қалыптастыру салаларында ауқымды жұмыс жүргізілді. Алайда мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Үкімет экономикалық еркіндікті одан әрі кеңейту және мемлекеттің нарықтық процестерге ықпал ету деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдауы қажет. Аталған шаралардың іске асырылуы еліміздің институционалдық тұрғыда кемелденуіне, оның әртүрлі ішкі және сыртқы сын-қатерлерге төтеп беруіне мүмкіндік береді, – деді Президент.

 

Президент инфляцияны тежеуді екінші маңызды мәселе ретінде атап өтті.

– Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту, аумақтық саясаттың жан-жақты ойластырып жүргізу, адам капиталының сапасын дәйекті әрі жүйелі түрде арттыру және мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта қарап, оны жаңғырту мәселелеріне тоқталды.

Жиын соңында Президент Премьер-Министрдің кандидатурасын Мәжілістегі партиялар фракцияларының жетекшілерімен талқылағаннан кейін ортақ мәмілеге келгенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Ата заңының 44-бабына сәйкес Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайловтың кандидатурасын ұсынды.

 

Мемлекет басшысы Премьер-Министр лауазымына ұсынылған кандидатураны қолдағаны үшін Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

Kaynak:https://www.akorda.kz/kz/prezident-kasym-zhomart-tokaev-parlament-mazhilisinin-plenarlyk-otyrysyna-katysty-3023637

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.