Еуропалық – Tebriz Gazetesi

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті
Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті.https://t.co/22KJo9TwnC pic.twitter.com/Lx513eSan8

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) November 17, 2022

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті

2022 жылғы

Қасым-Жомарт Тоқаев Жозеп Боррельге ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы қарым-қатынастарды нығайту тұрғысынан өте маңызды екенін атап өтті.

Президент Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім барлық саладағы ынтымақтастықты тереңдетудің жаңа кезеңіне жол ашқанын айтты.

– Біз Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстарды қолдаймыз. Осыған байланысты Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің өте табысты болған сапарын және Еуропалық Комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйенмен жүргізген келіссөзімді атап өткім келеді. Біз ынтымақтастығымыздың көптеген мәселесі бойынша өзара түсіністікке қол жеткіздік деп ойлаймын. Сондай-ақ Египетте Қазақстан Премьер-Министрі мен Урсула фон дер Ляйен қол қойған Меморандумды құптаймын. Бұл – өзара ынтымақтастық тұрғысынан өте нақты қадам, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Жозеп Боррель Қасым-Жомарт Тоқаевқа құрмет көрсете отырып қабылдағаны үшін алғыс айтып, Астана мен Брюссель арасындағы өзара қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

– ЕуроОдақ пен Қазақстан – жақсы серіктестер. Біз өзара сенім мен құрмет көрсете отырып, ортақ сын-қатерлер туралы айтамыз. Сіздер Қазақстанды ашық, инклюзивті және демократиялық ел ету үшін өзгерістер жасауға бағытталған реформалар үдерісін бастадыңыздар. Менің сапарым осы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр, – деді Еуропалық Одақтың Жоғарғы өкілі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-europalyk-odaktyn-syrtky-ister-zhane-kauipsizdik-sayasaty-zhonindegi-zhogargy-okili-europalyk-komissiyanyn-vice-prezidenti-zhozep-borrelmen-kezdesti-17105627

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен кездесті.https://t.co/22KJo9TwnC pic.twitter.com/Lx513eSan8

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) November 17, 2022

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесі
🇰🇿 🇰🇬 🇹🇯 🇺🇿 🇹🇲 🇪🇺 Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/s3xdFzX1Fr pic.twitter.com/lHpXM7sr1v

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 27, 2022

Жаңалықтар

Ақорда

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесі

2022 жылғы

2022 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті С.Н. Жапаров, Тәжікстан Республикасының Президенті Э. Рахмон, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М. Мирзиёев, Түрікменстан Президенті С.Г.Бердымухамедов (Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары атынан) және Еуропалық Кеңес Президенті Ш. Мишель Астана қаласында жоғары деңгейдегі алғашқы өңірлік кездесу өткізді.

Қатысушылар өзара құрмет пен сенімнің ашық және достық ахуалында Орталық Азия мен ЕО мемлекеттері арасындағы көп қырлы және өзара тиімді ынтымақтастықтың өткен кезеңін қорытындылады және ортақ құндылықтар мен өзара мүдделерге негізделген берік, жан-жақты және перспективалы әріптестік құрылымын жалғастыруға өз бейілдіктерін растады. Олар бейбітшілік, қауіпсіздік, демократия, заң үстемдігі, халықаралық құқық толық сақталған кезде орнықты даму жолында бірлесіп жұмыс істеуге өз пейілдерін растады. Олар БҰҰ Жарғысын, әсіресе барлық елдердің тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаттарын сақтауға, күш қолданбауға немесе оны қолдану қаупін тудырмауға және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешуге деген адалдықтарын білдірді.

Орталық Азия мен ЕО мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қатынастар орнаған кезден бері 30 жыл ішінде өңіраралық ынтымақтастық көптеген салалар мен секторларда ілгерілеп, өсіп-өркендеу мен тұрақтылық жолындағы көпжақты әріптестіктің үлгісі болды.

Көшбасшылар 2019 жылғы 17 маусымдағы ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі Стратегиясы шеңберінде өңіраралық ынтымақтастықтың жетекші қағидаттары болып табылатын заң үстемдігі, адам құқықтары, гендерлік теңдік және институттар жұмысы саласындағы диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қатысушылар жоғары деңгейдегі қолданыстағы платформалар шеңберінде Орталық Азия мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарды институционализациялауды құптады, сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда азаматтық қоғамды белсенді тартудың маңыздылығын баса айтты.

Еуропалық Кеңес Президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулерінің бірлескен мәлімдемелерінде белгіленген өңірлік ынтымақтастық пен өзара байланысты нығайту бойынша Орталық Азия елдері көшбасшыларының күш-жігерін құптады.

Өз кезегінде Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары ЕО-ның пандемиядан кейінгі экономикалық дамуды жандандыруға, COVID-19 тудырған әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлерді еңсеруге және өңірдегі трансшекаралық ынтымақтастықты ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады. Өзара сауда мен инвестициялар тетіктерін қолдау және кеңейту барлық тараптардың әлеуметтік-экономикалық дамуына сапалы серпін береді. Тараптар бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау өңірге инвестициялардың одан әрі өсуіне, өзара байланыс пен сауданың дамуына ықпал ететінін атап өтті. Осы тұрғыда тараптар ЕО-Орталық Азия экономикалық форумының жаңа платформасын құптады.

Қатысушылар Ауғанстандағы гуманитарлық ахуалға жалпы алаңдаушылық білдіріп, ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетудегі өзара іс-қимылды кеңейту қажеттігін мойындады. Қатысушылар барлық ауғандықтардың, атап айтқанда әйелдердің, қыздардың және аз ұлттардың адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу мен құрметтеудің, сондай-ақ инклюзивті және өкілді үкімет құрудың маңыздылығын атап көрсетті. Бұл тұрғыдан алғанда, Қазақстан мен Өзбекстан университеттерінде, сондай-ақ Қырғыз Республикасы, Тәжікстан мен Түрікменстандағы арнайы білім беру бағдарламалары шеңберінде ауған қыздарын оқыту бойынша ЕО және БҰҰДБ пилоттық жобасының аралық қорытындылары маңызды болып табылады. Аталған бастамалар ауған азаматтарының жоғары білім алуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған және ауған қоғамындағы әйелдердің инклюзивті әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

Тараптар Орталық Азия мен ЕО арасындағы шекараны басқару және қауіпсіздік саласындағы, терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, адам саудасына, мигранттар контрабандасына, атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтың заңсыз айналымына, трансұлттық есірткі трафигіне және әмбебап қағидаттарға сәйкес киберқауіпсіздік қатерлеріне қарсы бірлескен күресте ынтымақтастықтың оң нәтижелері мен әлеуетін атап өтті.

Қатысушылар ЕО-ның «Global Gateway» стратегиясына және Орталық Азия елдерінің көлік пен транзитті дамытудың ұлттық мақсаттарына сәйкес Орталық Азия мен ЕО арасында орнықты қатынас құруда өңірлік көзқарас әзірлеу мен ынтымақтастықтың айрықша маңыздылығын баса айтты.

Орталық Азия елдерінің көшбасшылары ЕО-ның «жасыл» даму стандарттарын сақтау кезінде орнықты көлік логистикасы мен цифрлық өзара байланысты дамытуға жәрдемдесу ниетін құптайды. Орталық Азиядағы орнықты өзара байланыс бойынша ЕО-ның күтілетін зерттеу нәтижелері де, Орталық Азия мен ЕО-ның көлік бағдарларын, оның ішінде Трансеуропалық көлік желісімен (TEN-T) үйлестіру жөніндегі тараптар арасындағы тығыз ынтымақтастық та маңызды мәнге ие. Осы тұрғыда қатысушылар 2022 жылғы қарашада ЕО-Орталық Азия Министрлерінің өзара байланыс жөніндегі конференциясын өткізуді құптады.

Қатысушылар тараптардың Париж міндеттемелеріне сәйкес «жасыл даму», қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы бірлескен іс-қимылдарды күшейтуге мүдделілік білдірді. ЕО-ның су ресурстары мен трансшекаралық өзендерді бірлесіп басқару тетіктерін әзірлеу мен енгізудегі оң тәжірибесін назарға ала отырып, қатысушылар Орталық Азиядағы инновациялық, өзара тиімді және ашық су-энергетика әріптестігін іске асыру жолында өңіраралық ынтымақтастықты нығайту нұсқаларын талқылады. Тараптар ортақ сын-қатерлерге бірлескен тәсілдерді әзірлеу үшін екі өңірдің талдау орталықтары арасындағы сараптамалық-талдамалық өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап көрсетті.

Қатысушылар Қазақстанға Орталық Азия мен ЕО мемлекеттері басшыларының алғашқы кездесуі жөніндегі бастамасы мен оны өткізгені үшін терең ризашылықтарын білдіріп, тұрақты кездесу жөнінде уағдаласты.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/ortalyk-aziya-memleketteri-basshylarynyn-zhane-europalyk-kenes-prezidentinin-baspasozge-arnalgan-birlesken-malimdemesi-2792221

🇰🇿 🇰🇬 🇹🇯 🇺🇿 🇹🇲 🇪🇺 Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/s3xdFzX1Fr pic.twitter.com/lHpXM7sr1v

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 27, 2022

Қазақстан мен Еуропалық Кеңес президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Президенты Казахстана и Европейского Совета провели брифинг для представителей СМИhttps://t.co/zWxuZdTabp pic.twitter.com/cKTaKmIT5u

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 27, 2022

Қазақстан мен Еуропалық Кеңес президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді https://t.co/mHaFjxXayS pic.twitter.com/EjCLNn7HCq

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 27, 2022

Жаңалықтар

Ақорда

Қазақстан мен Еуропалық Кеңес президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

2022 жылғы

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишель келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді.

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишельдің Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ бұл біз үшін үлкен мәртебе екенін айтып, өзінің шақыруын қабыл алғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

– Келесі жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толады. Сондықтан Шарль Мишель мырзаның сапары осы мерейлі меже қарсаңында өтіп отырғаны ерекше қуантады. Біз бұл сапарға айрықша мән береміз. Президент Мишельдің Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосып отырған сүбелі үлесін жоғары бағалаймыз. Біз екіжақты ықпалдастығымызды жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін кең ауқымды әрі мазмұнды келіссөздер жүргіздік. Кездесуіміз өзара сенім және түсіністік рухында өтті. Біз мазмұнды саяси диалогтың қарқынын одан әрі күшейтеміз деп уағдаластық. Сондай-ақ Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы стратегиялық әріптестігімізді нығайтуға ниетті екенімізді растадық, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақты Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. 30 жыл ішінде Қазақстанға Еуропадан тартылған инвестиция көлемі 160 миллиард доллардан асқан. Ал биылғы 8 айда Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы 43 пайызға өсіп, 26 миллиард долларға жетті.

Мемлекет басшысы Шарль Мишельмен кездесу барысында энергетика, «жасыл» экономика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы іс-әрекетімізге оң баға бергендеріне тоқталды. Президенттің айтуынша, тараптар өзара тиімді іс-әрекетімізді одан әрі күшейту үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға келіскен.

– Әсіресе, аса маңызды шикізатты тасымалдау және жасыл сутегі энергетикасын дамыту мәселесінде мол мүмкіндігіміз бар Сонымен қатар, халықаралық көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығын атап өттік. Бұл – қазіргі геосаяси жағдайда өте өзекті мәселенің бірі. Сондай-ақ, Еуропалық Одақтың «Транскаспий халықаралық көлік бағытын» қолдау мүмкіндігін қарастырдық. Бұдан бөлек, Еуропа санкцияларының Қазақстан экономикасына ықпалын болдырмау мәселесін талқыладық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тараптар демократия, адам құқықтары және заң үстемдігін сақтау салаларындағы диалогты одан әрі кеңейту мәселелерін де талқылады. Мемлекет басшысының айтуынша, Шарль Мишель еліміздің жаңа даму кезеңі – Әділетті Қазақстан құру жолында жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларымызды қолдайтынын жеткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еуропалық тараптың түрлі бағдарламалар аясында елімізге көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдіргенін айтты.

– Келіссөздер соңында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмастық. Сондай-ақ, Ауғанстандағы қазіргі жағдайға, Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдерімен өңіраралық қатынастарына ерекше назар аудардық. Осы ретте, мен Президент Шарль Мишельге бүгін түстен кейін елордамызда С5+ форматында өтетін кездесуге қатысуға шақыруымды қабыл алғаны үшін ризашылығымды білдірдім. Алдағы уақытта біз халықаралық деңгейде күш-жігерімізді біріктіріп, үйлесімді жұмыс істеуге келістік, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі келіссөздердің табысты болғанына тоқталып, ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірқатар келісімге қол жеткізгендерін атап өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта түсуге Шарль Мишельдің осы сапары елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақ халқына қонақжайлығы үшін алғыс айтып, Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ бүгінгі келіссөздер барысында маңызды келісімдер мен басты сын-қатерлер талқыланғанын айтты.

– Біздің байланысымыз берік әрі одан әрі нығайып келеді. Орталық Азия мен Еуропа бір-біріне жақындай түсіп, арадағы байланыс нығайып келеді. Қазақстан – Еуропалық Одақтың маңызды серіктесі, сондай-ақ халықаралық аренадағы және өңірдегі ықпалды мемлекет. Сізді Еуропалық Одақ пен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы кездесуін ұйымдастырып отырғаныңызбен құттықтағым келеді. Орталық Азия елдерімен берік ынтымақтастық аймақтың дамуына және қауіпсіздігіне жол ашады. Бүгінгі кездесу екі өңірдің арасындағы саяси диалогтан да жоғары мәнге ие, – деді Шарль Мишель.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-men-europalyk-kenes-prezidentteri-bak-okilderi-ushin-brifing-otkizdi-2791042

Қазақстан мен Еуропалық Кеңес президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді https://t.co/mHaFjxXayS pic.twitter.com/EjCLNn7HCq

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 27, 2022

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/wkenBRbxsh pic.twitter.com/CqjcBV00Gs

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 27, 2022

Жаңалықтар

Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесі

2022 жылғы

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында 2022 жылғы 27 қазанда Астана қаласында Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің кездесуі өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Шарль Мишель ашық, достық және сындарлы ахуалда өткен келіссөздер барысында соңғы 30 жыл ішінде Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен серпінді дамуын растады. Олар Қазақстан мен ЕО арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, тереңдету және кеңейту туралы уағдаласты.

Тараптар өздерінің БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқыққа және егемендіктің, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықтың қағидаттарына берік бейілдігін растады. Президенттер бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың, сондай-ақ дауларды дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын баса айтты.

Қос көшбасшы Қазақстан мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК), ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі стратегиясын, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия үшін өзара байланыс және басқа да секторлары жөніндегі жаңа бастамаларын одан әрі және толық іске асыру туралы уағдаласты.

Қос президент соңғы 30 жыл ішіндегі саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жоғары серпінін құптады. Олар Еуропалық Одақ Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылатынын қанағаттанушылықпен атап өтті. Осыған орай, президенттер «жасыл» экономика, энергияның тиімділігі, цифрландыру және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара байланыс салаларында қолда бар әлеуетті пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетті.

Кездесуде сыни шикізат материалдары (СШМ), әсіресе жерде сирек кездесетін металдар саласындағы ынтымақтастық мәселелері де қозғалды. Тараптар СШМ саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға дайын екендіктерін растады және Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында шикізат, аккумуляторлар және жасыл сутегі құнының тұрақты тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қоюды құптады. Осы тұрғыда, олар іскерлік ахуалды үнемі жақсартудың және Қазақстанға ЕО инвестицияларын одан әрі тартуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Еуропалық Одақ санкцияларының Қазақстан экономикасына абайсыз теріс әсерін болдырмау мәселесіне ерекше назар аударылды. Президент Ш. Мишель ЕО санкциялары үшінші елдерге қарсы бағытталмағанын растады және халықаралық санкциялардан жалтаруға және оларды айналып өтуге жол бермеудің маңыздылығын атап көрсетті. Тараптар да санкцияларға жатпайтын тауарларды өндіретін еуропалық компанияларды Қазақстанға көшіру мәселесін талқылады.

Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, Президент Қ. Тоқаев пен Президент Ш. Мишель өндіріс пен жеткізудің жаһандық тізбектерін қамтамасыз ету үшін Еуропа мен Орталық Азия арасындағы қолданыстағы халықаралық көлік дәліздерін кеңейтудің және жаңа дәліздерді дамытудың маңыздылығын баса айтты. Олар сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағдарының әлеуетін, оны одан әрі дамыту нұсқалары мен өңірдегі басқа көлік бағдарларының рөлін талқылады.

Екі президент климаттың өзгеруі Қазақстан мен ЕО өздерінің экономикалық қызметін бейімдеуге тиіс аса өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын атап өтті. Жаһандық жылыну проблемасы әлемдік қауымдастықтың кезек күттірмейтін және тиімді әрекеттерін талап етеді. Қос тарап та өз экономикаларын төмен көміртекті дамуға бейімдеу үшін сараптамалық, технологиялық және техникалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап көрсетті. Олар сондай-ақ су ресурстарын басқару саласындағы өңірлік ынтымақтастықты одан әрі қолдау қажеттігін баса айтты.

Екі көшбасшы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы адам құқықтары мен құқық үстемдігі саласындағы сындарлы диалогты құптады. Қазақстан осы салалардағы өзінің бейілдігін растады. Еуропалық Кеңестің Президенті «Әділетті Қазақстанның» саяси жаңғыруы мен көзқарасын ілгерілетуге бағытталған Қазақстанның маңызды реформалары бағдарламасын, сондай-ақ қаңтар оқиғаларына толық және транспарентті тергеп-тексеру жүргізуге бейілдігін құптады.

Президент Қ. Тоқаев пен Президент Ш. Мишель өңірлік және халықаралық күн тәртібі, оның ішінде Ауғанстан мәселелері жөнінде пікір алмасты. Тараптар өңірдің өркендеуінің, орнықтылығының және одан әрі тұрақты дамуының кілті болып табылатын Орталық Азиядағы өңірлік диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-ktokaevtyn-zhane-europalyk-kenestin-prezidenti-sh-misheldin-baspasozge-arnalgan-birlesken-malimdemesi-2791058

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесіhttps://t.co/wkenBRbxsh pic.twitter.com/CqjcBV00Gs

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 27, 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді https://t.co/6EGdGsF2VC pic.twitter.com/4Q99b4MutC

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 27, 2022

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді

2022 жылғы 27 қазан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікті дамыту әрқашан Қазақстанның басты сыртқы саяси басымдықтарының бірі болғанын атап өтті.

– Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестіктің барлық саласында қол жеткізген маңызды жетістіктерді айтуға жақсы мүмкіндік береді. Келесі жылы мерейлі датаны – дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын атап өтеміз. Сіздің Қазақстанға ресми сапарыңыз өзара қарым-қатынасымызды жаңа деңгейге көтеруге мүдделі екенімізді білдіреді, – деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Еуропалық Одақпен Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған Орталық Азиядағы алғашқы ел екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, жоғары деңгейдегі тұрақты байланыстар Қазақстан мен ЕуроОдақ арасындағы жан-жақты диалогты дамытуға зор мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Еуропалық Кеңес Президенті Шарль Мишель Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына көңілі толатынын атап өтті.

– Біз алғаш Брюссельде кездестік. Содан бері тығыз байланыс орнатып, түрлі салада жұмыс істеп келеміз. Өңірлік деңгейде бірлескен жұмыс жүргізу маңызды. Сізбен ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін, соның ішінде климаттың өзгеруіне қатысты мәселені талқылау мақсатымен кездескеніме қуаныштымын, – деді Шарль Мишель.

Кездесуде тараптар энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі, «жасыл» экономиканы дамыту, көлік және логистика мәселелерін жан-жақты талқылады. Сонымен қатар олар Орталық Азия – Еуропалық Одақ форматындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-europalyk-kenestin-prezidenti-sharl-mishelmen-kelissoz-zhurgizdi-2795546

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен келіссөз жүргізді https://t.co/6EGdGsF2VC pic.twitter.com/4Q99b4MutC

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) October 27, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президентімен кездесу өткізді
Касым-Жомарт Токаев провел встречу с Президентом Европейского Совета https://t.co/Vzi5r4GtAy pic.twitter.com/BgEQ61x03e

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) September 20, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президентімен кездесу өткізді https://t.co/5o9af2XPQd pic.twitter.com/UIwcmYSIEH

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) September 20, 2022

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президентімен кездесу өткізді

2022 жылғы

АҚШ, Нью-Йорк

Мемлекет басшысы Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммит аясында Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті.

Тараптар саяси диалогты дамытуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шарль Мишель Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қараша айында Брюссельге ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың барысына көңілдері толатынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Шарль Мишельді Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңестің Президенті тұрақты байланыс орнатуға келісті.

Қазақстан Президенті кездесу соңында Шарль Мишельді елімізге сапармен келуге шақырды.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://www.akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-europalyk-kenes-prezidentimen-kezdesu-otkizdi-2183319

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президентімен кездесу өткізді https://t.co/5o9af2XPQd pic.twitter.com/UIwcmYSIEH

— President Kassym-Jomart Tokayev’s Press Office (@AkordaPress) September 20, 2022